АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері" тақырыбында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің тақырыптық отырысы

Image title

Image title

Image title

Парламент Мәжілісінде "Киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері" тақырыбында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің тақырыптық отырысы өтті. Отырыс жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, заңгерлер қатысты. Отырысты ашқан Имашева Снежанна өткен жылы елде 21 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелгенін, бұл ретте азаматтарға келтірілген залал 21 млрд теңгені құрағанын хабарлады. - Депутаттарға көптеген шағымдар мен өтініштер, соның ішінде қаржылық табысы төмен азаматтардан келіп түседі. Алаяқтар ақша ұрлау үшін әртүрлі амалдарды қолданады, жылдан жылға азаматтар көбірек ақша жоғалтады. Мұндай жағдайларда азаматтардың банктік шоттары мен депозиттері босатылып, оларға миллиондаған кредиттер ресімделіп жатқаны ерекше алаңдаушылық туғызады, – деді комитет басшысы. Ішкі істер Вице-министрі Айдос Рысбаев бүгінде киберқылмыс мәселелері бүкіл әлемде өзекті екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында киберқылмыс статистикасына және оған қарсы жасалған шараларға тоқталды. – Соңғы 7 жылда Қазақстанда киберқылмыстардың саны 10 еседен астам өсті: 2017 жылғы 2 мыңнан 2023 жылы 21,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19%–. және барлық алаяқтықтардың 50% -. құрайды. Биыл 3,6 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 8,3% өсім). Бұл жалпы қылмыстың 18% және барлық алаяқтықтың 43% құрайды. Қабылданған шаралармен 4 мың интернет-алаяқтық жасауға қатысқан 2 мыңға жуық адам ұсталды және жауапқа тартылды. Жәбірленушілерге 850 млн теңге көлемінде залал өтелді, - деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Унзила Шапак мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекске толыққанды институт, дәлірек айтсақ, Ақпарат және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы бөлім енгізілгенін атап өтті. – Шоттардан ақша ұрлаумен байланысты қылмыстар жасауға ықпал ететін бірқатар алғышарттар бар. Мысалы, несие беру принциптерін реттейтін нормаларды заңнамалық бекітудің немесе олардың орындалуын тиісті бақылаудың болмауы. Абоненттік нөмірлерді тіркеуге және пайдалануға, байланыс операторларына, IP-операторларға реттеушілік әсердің болмауына байланысты проблемалар бар. Сондай – ақ, клиенттердің дербес деректерінің сақталуына, қарастырылып отырған саладағы белгілі бір нормалар мен ережелердің сақталуына ішкі бақылауды күшейту маңызды, - деп атап өтті Унзила Шапак. Талқылау барысында мәжілісмендер уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, киберқылмыспен күреске қатысты ұсыныстар енгізді. Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесінде бейінді комитет қарайтын ұсынымдарға енгізілетін болады. Талқылауды қорытындылай келе, Имашева Снежанна ішкі істер министрлігінің кибер алаяқтықпен күресу үшін күш-жігері жеткіліксіз екенін атап өтті. – Алаяқтар бір орында тұрмайды және қылмыс жасаудың жаңа әдістерін ойлап табады. Қазіргі уақытта алаяқтардың SIP-телефония қолдану жағдайлары жиілеп кетті, осы жылы осындай 288 қылмыс жасалды. Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл мәселесі ел басшылығының бақылауында. Алаяқтардың әсерінен азаматтар болашақта төлей алмайтын миллиондаған несие алады. Қайтарылмайтын несиелерді рәсімдеу фактілерінің жолын кесуге бірінші кезекте банктер мүдделі. Бұл мәселеге жан – жақты назар аударып, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шаралар әзірлеу қажет, - деп қорытындылады Комитет төрағасы.