АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Жануарларға жауапты қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы


Image title



Image title


2024 жылғы 29 наурыз күні Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті Парламент Мәжілісі депутаттарының, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Жоғары білім және ғалым министріліктері және қауымдыстықтар өкілдерінің, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен «Жануарларға жауапты қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырысты ашқан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин, 2023 жылғы 19 сәуірдегі Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте «Маған барлық аймақтардан қаңғыбас иттер туралы шағымдар үнемі келіп тұрады, оларды жергілікті билік өкілдерінің ешқайсысы тиісті заңға сілтеме жасай отырып жасамайды. Бірақ осы жолмен жүру арқылы біз жағдайды бақылауды жоғалтуымыз мүмкін. Кейде қаңғыбас иттердің үйіндісі адамдар мен балаларға шабуыл жасады деген хабарламалар пайда болады»-деп атап өтті. Өз баяндамасында заң жобасы бастамашыларының бірі, депутат С. Б. Мусабаев соңғы жылдары адамдарға, оның ішінде балаларға бұралқы және қараусыз қалған иттердің шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кеткенін, сонымен қатар олардың саны бақылаусыз артып келе жатқанын түсіндірді. Осыған орай депутаттар қаңғыбас және қараусыз қалған иттердің санын реттеуге, сондай-ақ олардан бас тартқан жағдайда жануарлар иелеріне жауапкершілікті арттыруға бағытталған нормаларды ұсынып отыр. Осы Заң жобасы бойынша депутаттар мен сарапшылардың сұрақтарына заң жобасының бастамашыларының бірі – Е.Т.Жаңбыршин жауап берді. Талқылау барысында «KazBar» Animal Law комитетінің басшысы – О.И. Ченцова, сарапшы – С.А.Накупова, Павлодар облысы мәслихатының депутаты - М.Амангелдіұлы және Ұлытау облысы мәслихатының депутаты – Е.Ж.Бодықов сөз сөйледі. Отырыста айтылған мәселелер мен ұсыныстар жұмыс тобының алдағы отырыстарында ескеріліп, қаралатын болады.