Бірнеше күн болды, Астана қаласында Отандастар қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан және отандастар! Ортақ мақсат жолында» атты форум өтті. Бүгін осы форумға алыс-жақын шетелден келген біраз делегаттар Мәжіліске келді.
Депутаттар мәртебелі меймандарды Парламент ғимаратымен таныстырып, экскурция өткізіп, Мәжілістің кітапханасында кездесу ұйымдастырды.
Олар депутаттармен пікір алмасып, ортақ мақсат жолындағы ойларын ортаға салды.
Жиналғандар алдында Сенаттың және Мәжілістің Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің хатшылары Дархан Қыдырәлі мен Айдос Сарым сөз сөйлеп, шетелдегі қазақтарды қолдау, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастардың Қазақстанда сапалы білім алуы, қандастар арасындағы көші-қон саясатына тоқталды.
Өз кезегінде қандастар ата-жұртпен түрлі салада ынтымақтастықты арттыру, ұлттық руханиятты дамыту төңірегінде нақты ұсыныстарын айтты.
Кездесуге сенаторлармен қатар, Ермұрат Бапи, Болат Керімбек, Ринат Зайытов, Үнзила Шапақ, Жарқынбек Амантайұлы, Мақсат Толықбай қатарлы Мәжіліс депутаттары қатыстық.