АРСЮТИН
Николай
Геннадьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Бір ел-бір мүдде" депутаттық тобының отырысына қатысу туралы

2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н.Б. Жүсіптің төрағалығымен жаңадан құрылатын «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының (бұдан әрі - депутаттық топ) ережесі мен құрамының жобасын талқылау жөніндегі отырысқа қатысты.Image title

Талқылау және пікір алмасу форматында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысты.

Депутаттық топ туралы ереже оның қызметін ұйымдастырудың мәртебесін, өкілеттіктері мен тәртібін айқындайды. Депутаттық топ депутаттардың ерікті бірлестігі болып табылады және елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық қамтамасыз етуді үйлестіру үшін құрылады.

Image title

Топтың құрамында Парламенттің 30 депутаты бар. Депутаттық топтың жетекшісі болып сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, мәжіліс депутаты Наталья Дементьева хатшысы болып сайланды.