АРСЮТИН
Николай
Геннадьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Екібастұз қаласында сайлаушылармен кездесулер туралы

Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының мүшелері, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев пен депутат Николай Арсютин Павлодар облысының Екібастұз қаласында барды.

Image title

Депутаттар «Greenhouse Qaztomat» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.

2016 жылы пайдалануға берілген жылыжай шаруашылығында негізінен қызанақ, баялды (баклажан), қияр сынды көкөністер түрі шығарылады. 500-ден астам адам жұмыс істейтін кәсіпорын ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр.

Image title

Дегенмен, мамандар жетіспеушілігіне, тұқымдарды шетелден жеткізуге байланысты проблемалық жайттар да жоқ емес.

Депутаттар аталған мәселелерді құзырлы мемлекеттік орғандарға жеткізетінін айтты.