ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
Сапар аясында партияның өңірлік филиалының белсенділерімен және ұжымымен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ партияның жастар қанатының өкілдерімен кездесу өтті.
Депутат ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығару жұмысына, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, Агробанк құру мүмкіндігі туралы толығырақ айтып берді.
Кездесу барысында Н.Г. Арсюитн "ВостокАгроТех" ЖШС қызметкерлерімен, Глубокое ауданының Прапорщиково ауылының тұрғындарымен, сондай - ақ Ұлан ауданының Герасимовка ауылының тұрғындарымен және "Дружба" ШҚ ұжымымен кездесулер өткізді және қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.