АРСЮТИН
Николай
Геннадьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірдегі жұмыс туралы-Ақмола облысы

Ақмола облыстық мәслихатында Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Николай Арсютинмен кездесу өтті.

Кездесуде мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов бұл кездесудің мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өңірлік мәселелерді шешу үшін маңыздылығын атап өтті.

Image title

Өз кезегінде Парламентте де, барлық деңгейдегі мәслихаттарда да «Ауыл» партиясы өзгепартиялармен тығыз байланыста жұмыс істейтінінайтқан Николай Арсютин заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Image title

Кездесу барысында ардагерлерді әлеуметтік қолдау, агроқұрылымдарға субсидиялар мен жеңілдікті несиелер бөлу, ақбөкендер популяциясының өсу мәселесі және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Мәжілісмен облыстық мәслихат депутаттарының бастамаларын қолдауға және ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.