2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының өкілдерімен азаматтарды қабылдау мәселесі бойынша сараптамалық кездесуіне қатысты.
Депутаттар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру азаматтарды қабылдау мәселесіне ерекше көзқарасты талап ететінін атап өтті (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0kCsAc8UV3qi6yJ2P1SSVMyMwZdmvjGe7KNgtXqCXEhxwS5YnHseWtjP9Cdd4oPKPl&id=100022576883144).
Осыған байланысты, кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сот актілерімен келіспеушілік бойынша мәжіліске жүгінген азаматтардың мәселелерін тиімді шешу мақсатында олардың өтініштерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігіне жіберу туралы шешім қабылдады.