2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы» «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.
«Дөңгелек үстелдің» отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы – Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бірінші басшылары сөз сөйледі.
Холдингтің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс нәтижелерін алға тартты. Айтуынша, 2022 жылы елімізде ірі бизнес жобаларын қолдау аясында 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған, тауар экспортының 5%-ын холдинг шикізаттық емес секторда қолдауға арнады. Өткен жылы Қазақстанда пайдалануға берілген көппәтерлі үйлердің ауданы 9 млн шаршы метрді құрады. Оның ішінде 2,5 млн-ға жуығы құрылысты қолдау бойынша "Бәйтерек" ҰБХ тетіктері арқылы қамтылған.
.