Мәжілісте отандық ғылымды дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағаты өтті.
Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады (https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id50120/1/1).
Қазақстанда ғылым саласындағы қатынастарды реттеудің қажетті құқықтық негіздері құрылған. Бұл салада 2 негізгі Заң, бірқатар ілеспе заңдар, Президенттің 3 Жарлығы, Үкіметтің 12 қаулысы, бірқатар ведомстволық бұйрықтар қолданылады. Заңнамадағы барлық өзгерістердің басты мақсаттары ғалымдардың өз идеяларын іске асыруы үшін қолайлы орта құру және отандық ғылымның нәтижелілігін арттыру болып табылады. Ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және ведомстволық салалық ғылымды әкімшілендіруді 11 министрлік жүзеге асырады.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда ғылым саласында 22 456 ғалым жұмыс істейді. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие, олар 1743 - ғылым докторы, 3945 - ғылым кандидаты, 2 460 - PhD докторы және 96 - бейіні бойынша доктор. Ғалымдардың 34 пайызын - 35 жасқа дейін; 43 пайызын - 35 пен 54 жас аралығында; 23 пайызын - 55 жастан асқандар құрайды.
532 кәсіпорын мен 485 жеке тұлға ғылыми аккредиттелген (барлығы 1 017). Бірақ олардың тек 414-і ғана ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады.Олардың 106-і – мемлекеттік секторға, 94-і – жоғары кәсіптік білім беру секторына, 179-сі - кәсіпкерлік және 35-ы - коммерциялық емес секторға жатады.