АРСЮТИН
Николай
Геннадьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына қатысу туралы

23 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар және заң консультанттармен білікті заң көмегін көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел форматында шығу отырысы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid07ZRerohQPo6EEU4QmEwMSiFRxUFUf4Keko8oWTWaFF6WPFraGrD76qsZMPB1ZyBHl&id=100022576883144

Image title

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрі, Республикалық адвокаттар алқасының, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағалары, заң консультанттары палаталары қауымдастығының, Республикалық нотариаттық палатасының, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының, мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың өкілдері,  халықаралық сарапшылар қатысты.

Image title

Сонымен қатар жиында кәсіби қоғамдастық өкілдері баяндама жасады. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттардың заң көмегін көрсетудегі өзекті мәселелеріне тоқталды. Ал Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай қазіргі жағдайда саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. «Статус» заң консультанттары палатасының төрағасы Руслан Жусанғалиев заң консультантының құқықтық мәртебесiн анықтау, шешу, сондай-ақ уәкiлеттi және мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен бөлiстi.
Іс-шара шеңберінде Заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыру мәселесін талқыланды.

Талқылау нәтижелері бойынша Қазақстанда заң көмегін көрсету саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірленді.