АРСЮТИН
Николай
Геннадьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жеміс-көкөніс өнімдерін импортты алмастыру мәселелеріне арналған үкімет сағаты

Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, 2022 жылы 8,7 млрд теңгеге қуаттылығы 21,7 мың тонна жемістер мен көкөністер өндіретін 15 инвестициялық жоба іске асырылған.

– Соңғы 3 жылда көкөніс дақылдарының егіс алаңдары 10,5 мың гектарға ұлғайды. Олар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 169,7 мың гектарды құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту, жаңа суармалы жерлер мен су үнемдейтін технологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын дамытуды, сондай-ақ жаңа инновациялық зауыт салуды көздейтін 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді, – деді министр.