2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин Миграция бойынша халықаралық ұйымның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған адам саудасымен күрес жөніндегі форумға қатысты (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid027Uipy77KcL9csvevnLTEaDbvYrh7TNMSamkWQxKoZStNUmjSDfSdE3JCE7btaWg9l&id=100022576883144).
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен ғылыми топтардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұсаукесері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттар мен және шетелдердің оң тәжірибесін талқылау (https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/post-item/36/16028).
Жоба 6 тараудан тұрады. Олар мыналарды қамтамасыз етеді:
– жаңа тұжырымдамалық аппаратты енгізу;
– уәкілетті мемлекеттік органдарды құру;
– халықаралық ынтымақтастық негіздері;
– ҮЕҰ рөлін анықтау;
– жәбірленушілердің (оның ішінде кәмелетке толмағандардың) құқықтары мен міндеттері.