25.08.23 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютин "Конституцияның үстемдігі-мемлекеттік егемендіктің, орнықты дамудың, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, адам құқықтарын қорғаудың негізі" тақырыбында өткен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының I – ші конгресіне қатысты.
Конгресс қатысушыларына Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Лукин және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Имашева сөз сөйледі.
Шараға қатысушылар Конституцияның үстемдігі, адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ қазіргі жағдайда конституциялық бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі мәселелерін талқылады. Елдің Конституциясы мемлекетті ұйымдастырудың негіздерін анықтап қана қоймай, әр азаматтың күнделікті өміріне әсер ететін заңдылықты қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.