депутат Комитет отырысында "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң жобасы бойынша баяндады. Комитет отырысына депутаттар - Комитет мүшелері, ҚР Қаржы вице-министрі - Кеңбеил Дәурен Маратұлы, Мемлекеттік сатып алу заңнамасы және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы Департаментінің директоры - Сеитов Ерлан Ғалымұлы, Мемлекеттік сатып алу заңнамасы және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы Департаментінің басқарма басшысы - Таңжарықов Мейрамбек Жақсылықұлы қатысты. Вице-министр жаңа Заң жобасын таныстырды, ал депутаттар тарапынан көптеген сұрақтар болды. сұрақтардың басым бөлігі Заң жобасына қатысты болғанымен олар жобада жоқ болып шықты. Сондықтан депутаттар айтқан ұсыныстарды жазып бас Комитетке беру ұсынылды.