«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы болды. Аталған Заң жобасы өткен шақырылымнан өткен болатын. Бұл тақырып көптеген депутаттардың қызығушылығын туғызғандықтан жұмыс тобының мүшесі болмаса қатысушы депутаттар саны көп болды. Заң жобасы қызу талқыланды.