Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ақпарат берді.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 11 сәуірде 1-ші отырысы өткізілді.
Салыстырмалы кесте 41 позициядан тұрады, соның 9-ы қаралды. Қабылданғаны – 3, қайта қарауға жіберілгені – 6. Қазіргі күнде көптеген (20-дан астам) ұсыныстар түсуде.
13 сәуір күні БҰҰ Қазақстандағы ФАО ұйымы Жаһандық экологиялық қор жобаларының аясында «Қазақстандағы жайылымдар қорын тұрақты басқару» тақырыбындағы вебинарына онлайн қатысып, сөз сөйледім. Бұл отырысқа халықаралық сарапшылар қатысып, осы мәселені жан-жақты талқылады.
Заң жобасына келіп түскен ұсыныстарды тез арада қарау үшін жұмыс топтарын осы аптадан бастап аптасына 2 реттен өткізуді жоспарладық және кестедегі әрбір позицияны жан-жақты қарастыру үшін әрбір тармақты жұмыс тобындағы депутаттарға бөліп бекіттік.
Сонымен қатар осы мәселе бойынша жергілікті орындарда қатысу үшін «Аманат» партиясының өңірлік филиалдарына хат жазылған, соның аясында бүгін сағат 12.00-де Павлодар облысымен онлайн байланысқа шығып талқылау өткіземіз.
Сонымен қатар 26 сәуір күні «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері» тақырыпта дөңгелек үстел ұсынылуда. Дөңгелек үстел отырысына ҚР ауылшаруашылық министрлігінің, әкімдіктердің өкілдері және сарапшылар шақырылатын болады.
тағыда осы Комитет отырысында депутат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытындыларды оқыды.