Әшімбетов
Нұржан
Кемерұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
комитеттің тақырыптық отырысы

 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау тетіктері» (лизинг, жеңілдікпен, оның ішінде көктемгі егіс науқаны үшін несие беру) тақырыбындағы комитеттің отырысы

баяндамашы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Жомартұлы Құрманов;

- баяндамашы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Алмат Бүркітбайұлы Әшірбеков;

- баяндамашы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдар Гилимұлы Прашев;

- қосымша баяндамашы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов


2023 жылғы 21 сәуірде Аграрлық мәселелер комитеті «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау тетіктері» (лизинг, жеңілдікпен, оның ішінде көктемгі егіс науқаны үшін несие беру)» атты тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа мемлекеттік органдары мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ, сонымен қатар Үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Отырысты өткізу барысында ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың өзгертілген тәсілдерін ұсынды, Аграрлық кредиттік корпорация мен Қазагроқаржы өкілдері қатысушыларды өз қызметінің негізгі бағыттарын атап, қаржылық көрсеткіштерін, қаржыландыру бағдарламаларын және ұсынылатын кредиттік өнімдер желістерін таныстырып өтті.

Өз кезегінде депутаттар несие ресурстарына, оның ішінде лизингке қолжетімділіктің төмен деңгейіне, оларды алуға қойылатын жоғары талаптарға алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ақшалай қаражаттың уақтылы және толық көлемде бөлінбеуі де алаңдаушылық туғызады, нәтижесінде фермерлер нарықтық банктік пайыздар бойынша міндеттемелері бойынша төлеуге және қосымша қаржылық шығындарды көтеруге мәжбүр.

Сонымен қатар, депутаттар кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері мен лизингі бойынша қарыздарды қайта құрылымдау, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және т.б. мәселелері шешілмейтінін атап өтті.

Осыған байланысты депутаттар аталған мәселелерді шешу үшін жеңіл несиелеу талаптарын жеңілдетуді, фермердің несие бойынша жеңілдікті мөлшерлемені ғана төлеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді тікелей несиелеуден екінші деңгейдегі банктер немесе микроқаржы ұйымдары беретін қарыздарға кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарауды және т. б. ұсынды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың қазіргі проблемаларын жан-жақты талқылауы өтті. Қатысушылардың барлық ұсыныстары ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынымдар түрінде жіберілетін болады.