депутат Аграрлық мәселелер комитетінің отырысына қатысты. отырыста «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын талқылады. аталған Заң жобалары 27.06.2023 ж. ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында бірінші оқылымда қаралады деп жоспарлануда.