Әшімбетов
Нұржан
Кемерұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

 Депутат Аграрлық мәселелер комитетінің отырысына қатысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бойынша сөз сөйледі. Аталған Заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының бастамашылығымен дайындалған. Заң жобасы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін болған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларында орналасқан елді мекендер мен әлеуметтік объектілер , инженерлік инфрақұрылымдар жайлы. Жоба бойынша "бөгде пайдаланудағы жерлер" деген ұғым ұсынылады. бұл ұсыныс бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шаруашылық қызметтің реттелетін режимімен бөгде пайдаланудағы жерлер (бөгде жер учаскелері) ретінде жұмыс істей алады.