30 қазан 2019 ж. жарияланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары – қаржы министрі
Ә.А. Смайыловқа
Депутаттық сауал
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Парламент депутаттарымен ақырғы жылдары салынған топтық су құбырларын субсидиялау қажеттілігі туралы мәселе бірнеше рет көтерілген.
Алайда, жауапты Министрліктермен: Индустрия және инфрақұрылымдық даму (әрі қарай - ИИДМ), Қаржы (әрі қарай – ҚаржыМин), Ауыл шаруашылығы және сондай-ақ, Су ресурстары комитеті олардың қарауына өткен соң - Экология, геология және табиғи ресурстар (әрі қарай - ЭГТРМ) атаулы мәселелер келесі себептерге байланысты шешімін таппай отыр:
-ЭГТРМ Республикалық бюджеттік комиссияның жаңа объектілерді ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын, сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнің тізіліміне (әрі қарай - Тізілім) енуін мақұлдауына қол жеткізе алмай отыр;
- Қаржы министрлігіне Мемлекет басшысының монополистік кәсіпорындарға тарифтерді төмендету жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, су тарифтерін субсидиялау бойынша есептеулер берілмеген.
Алайда, нәтижесінде бұл сұрақ екі жылдан бері шешілмей келе жатқандығының бұдан да зор мәселелері бар.
Топтық сумен жабдықтау жүйелері болып - бірнеше елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін күрделі гидротехникалық құрылымдар табылады. Тарихи тұрғыда олар Су ресурстары комитетінің «Казводхоз» РМК балансында тұрған және олармен басқарылған. Олардың энергия сыйымдылығының нәтижесінде суға тарифтер жоғары еді және, әдеттегідей, олар мемлекеттік бюджеттен субсидияланған болатын.
Алайда, 2009 жылдан бастап субсидияланатын объектілердің Тізіліміне оқшау су құбырлары қосылған болатын (30.03.2009 жылғы №426 Үкімет қаулысы).
Сонымен, бүгінгі таңда мемлекет бойынша Тізілімге сәйкес 936 сумен жабдықтау қондырғысы субсидияланады, оның ішінде тек 65-і ғана топтық су құбырлары.
Енді жаңа нысандарды субсидиялау туралы мәселе көтерілген кезде, ИИДМ уәкілетті орган ретінде, аймақтардан келіп түскен барлық өтініштерді жинауға мәжбүр. Ал өңірлер өз кезегінде, Республикалық бюджеттен (бұдан әрі - РБ) субсидия алу мүмкіндігін пайдалана отырып, бүгінгі күні 170 жаңа өтінім жіберіп отыр (оның 164-і оқшау және 6-сы ғана топтық (Кентау-Түркістан және Беловодск топтық су құбырларын қосқанда).
Ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасының іске асырылуымен жыл сайын объектілердің саны артады, әсіресе таңдау критерийлері болмағандықтан.
Сумен жабдықтаудың жаңа нысандары тізімге енгізілгендіктен, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру да өсуде. Сонымен, 2019 жылы РБ-ға (жалпы сипаттағы трансферттермен) су тарифін субсидиялауға 11 млрд. теңге қарастырылған. Тарифтерді төмендету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша – субсидиялардың экономисы тек 337 млн. теңгені ғана құрайды. ИИДМ-нің және ЭГТРМ-нің ақпараты бойынша Тізілімге 170 жаңа объектілерді енгізген жағдайда қосымша 1,8 млрд теңге қажет болады.
Су тарифтеріне қатысты бөлек мәселе. Субъектілерге судың тарифтерін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (бұдан әрі - ТМРК) аймақтық департаменттері белгілейді. Құны 1 текше метр. ауыз судың мөлшері 54 тг бастап (Қарағанды облысы, «Жигер Су» КМК) 3564 тенгеге дейін (Қостанай облысы, «Арқалық жылуэнергетикалық компания» КМК).
Ауылдық жергілікті жерлердегі (АЖЖ) сумен жабдықтау ұйымдары негізінен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (МКК) болып табылады. Оларға жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) коммуналдық шаруашылықтың қосымша функцияларын жүктейді. МКК-дың шығындалмауының мақсатында ЖАО суға төмен тарифтің қойылуына қызығушылық танытпайды, ал әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін оны субсидиялауды сұрайды.
Сонымен қатар, салалық министрліктер арасында функционалдық сәйкессіздік бар. Нысандар Тізілімі ЭГТРМ-мен бекітеді. Сонымен қатар, бағдарлама әкімшісі, қаржыландыру және Субсидиялау ережелерін бекіту бойынша жауапты ИИДМ. Біздің ойымызша, ИИДМ-нің міндеті - нысандарды салу және пайдалануға беру, су нысандарын одан әрі пайдалану болып табылады, ал ЭГТРМ құзырлығына саясатты әзірлеу кіруі тиіс.
Ағымдағы жағдайды тұрақтандыру және бірыңғай тәсілді енгізу үшін біз келесіні қажет деп санаймыз:
1.Сумен жабдықтау объектілерін субсидиялауына қатысты өкілеттіктерді бөлу қажет, нақтырақ айтсақ, «Казводхоз» РМК балансында тұрған топтық су құбырлары РБ-ден субсидиялануы жалғастырылсын, ал оқшау су құбырларын субсидиялау және қаржыландыру өкілеттіліктері ЖАО-ры деңгейіне берілсін (мемлекеттік деңгейлер арасындағы өкілеттіктерді бөлу аясында).
2.Қаржымин-іне, ИИДМ және ЭГТПМ-ге ҰЭМ-нің ТМРК бірге тарифтердің ашықтығына қатысты бірлескен талдау жүргізу қажет;
3.Ауыз суға тең қол жетімділікті және халыққа тариф бағасының әділ болуын қамтамасыз ету үшін, Ережеде субсидиялаудың жаңа өлшемдері қарастырылу мүмкіндігін зерделеу қажет.
Мысалы, «бір текше метріне 300 теңгеден асатын судың құны субсидиялауға жатады». Яғни, егер тариф текше метр үшін 300 теңгеден төмен болса - субсидияланбайды. Егер жоғары болатын болса, онда айырмашылыққа байланысты: бір текше метріне тариф - 500 теңгені құраса - 200 теңгесі субсидиялануға жатады; ал тариф 1000 теңге болса - 700 теңгесі субсидияланады. Бүгінгі таңда өтініш бергендердің баршасы тарифтерінің төмендігіне қарамастан субсидия алып отыр. Бір текше метріне тарифтің құны - 100 теңге болған жағдайда, оның 70% субсидияланып, оның тек 30 теңгесін ғана тұтынушылардың төлеп отырған мысалдарды да келтіре аламыз. Осындайда құндылық пен үнемдеушілік туралы сұрақ туындайды, атап айтып отырғанымыз - ауыз су туралы ғой.
Депутаттар
Әшімбетов Н.К.
Оспанов Б.С.
Әлтаев Н.Б.
Барлыбаев Е.Х.
Звольский С.А.
Қаныбеков С.Ә.
Қоңыров А.О.
Теміржанов М.Б.