Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
А.А. Смаиловқа
Депутаттық сауал
Құрметті Алихан Асқанұлы!
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында еліміздің азаматтарын тұрғын үймен және жайлы инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету атап көрсетілген. Ол үшін тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамыту Концепция жобасына өзгерістер енгізу қажет.
Біріншіден. Ел Президенті ауылдық жерлерді дамыту үшін тұрғын үй салу шығынның 50 %-н өтеу туралы Қаулыға қол қойды.
Бірақта қазіргі кезде бұл механизм әлі іске қосылмады. Үкімет бюджет қаражатының жетпейтіндігін айтса, құрылысты іске асыратын фермерлер дайындалған Ережелер олардың көзқарастарымен сәйкес келмейтіндігін алға тартады. Мысалы, Ережеге сәйкес субсидияға жататын тұрғын үйдің бағасы шаршы метрі 100 мың теңгеден аспауы керек немесе тұрғын үй жалдамалы болуы керек. Ол дегеніміз қызметкерлердің тұрақтап қалуына ықпал етпейді.
Оның үстіне ауылдық жерлерде сапалы тұрғын үйлердің болмауынан «Отбасы банк» операторының қызығушылық туғызған несие алушылары жоқ.
Аграрлық мәселелер Комитетінің отырысында жаңа тұрғын үй салу перспективаларын талқылау барысында мынадай ұсыныс берілді: ипотека алушыға (қарыз алушыға) бастапқы жарна ретінде субсидияларды (сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%) төлеу механизмін қамтамасыз ету.
Яғни, жұмыс берушілер тұрғын үйді толық әрленген күйде береді, «Отбасы банк» ипотекалық несиеге алуға қызығушылық танытқан адамдармен келісім-шартқа отырады, мемлекет банктің есеп шотына субсидияны қарыз алушының сотына бастапқы жарна есебінде аударады, банк өз тарапынан ипотека шарты бойынша кепілге салынған құрылысы аяқталған тұрғын үй үшін құрылыс салушыға қаражат жібереді.
Егерде елімізде жылына орта есеппен құны көп дегенде шаршы метрі 300 мың теңгені құрайтын 80 шаршы метрлік 1 мың пәтер соғылса бұл жоба бойынша бюджеттен 12 млрд., теңге қаражат жұмсалады екен.
Бағдарламаны мамандарына жоғары жалақымен (300-500 мың теңге) жаңа жұмыс орындарын ұсынатын инвестициялық жобаларға байланыстыруға болады. Ол дегеніміз ай сайын ипотекалық несиені жабуға мүмкіндік береді.
Екінші мәселе қала маңындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік жүйелердің құрылысына қатысты.
Аталған бюджеттік бағдарлама құрылысты ретке келтіру мақсатында инфрақұрылымдар жүргізілмеген жерлерде жеке құрылысқа жер телімдерін беруге тиым салу үшін қабылданған болатын.
Бірақтанда, қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысындағы бұл бағыт біраз түзетулерді қажет етеді деп ойлаймын. Оған мынадай себептер бар:
Біріншіден, қала маңындағы құрылыстар бізідің қалалардың, келбетін жақсы жаққа өзгертепеді, қайта автомобиль жолдарының бойына орналасқан елді мекендер азаматтардың қозғалысына қиындық тудырады.
Екіншіден, қалалардағы жер телімдерін алу кезектерінің үлкендігіне қарамастан, жер телімін алған азаматтар құрылыс бастауға асықпайды немесе сатып жіберу үшін пайдаланады. Мысалға Павлодар қаласындағы «Авиагородок» ауданы 15 жыл бойы құрылыс салынбай келе жатыр.
Үшіншіден, кеткен шығындардың мақсатты екендігі күмән туғызады. Мысалға Екібастұз қаласындағы «Ипподром» ауданындағы массивке электр энергеиясы, су, тіптен көшелер жарықтандырылып қойсада 3 жылдан бері жер телімдері берілмеген. Мұндай жағдай біраз өңірлерде орын алып отыр.
Төртіншіден, қоныс аудару және жұмыспен қамту бағдарламалы бойынша салынған үйлердің сапасы төмен. Мұндай елді тұрғындарды салу кезінде әлеуметтік объектілердің, автобус қатынастарының және ең бастысы жұмыс орындары ескерілмеген.
Аграрлық секторларда жетіспей жатқан еңбек ресурстары қала маңында шоғырлануы тұрғын үй саясатында өзгерістер енгізу қажеттілігін талап етеді. Сондықтанда, мынаны ұсынамыз:
Біріншіден. Ауылдық жерлерде тұрғын үй салу барысында қызығушылық танытқандарға алғашқы жарна есебінде субсидия беруді;
Екіншіден. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфражүйелерді салу кезінде ауылдық жерлерді дамыту басымдықта болуын;
Үшіншіден. Қалалардағы тұрғын үй құрылысы үшін инфражүйелер құрылысының тиімділігін тексеру;
Төртіншіден. Салалық министрліктерге, өңір әкімдіктеріне қалалардың бас жоспарлары мен қалалардағы егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларын түзету кезінде архитектурадағы заманауи өзгерістерді ескере отырып тұрғын үй құрылысын жүргізуді, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды және жұмыс орындарының болуын ескеруді тапсыру.
Аталған ұсыныстарды ескере отырып жауап берулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«АMANAT» фракциясының
және Аграралық мәселелер комитетінің
депутаттары