Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Б.Н.Асыловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Берік Ноғайұлы!
ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының атына Павлодар облысының фермерлері «Астық» ШҚ-ы Т.С. Бейсембаев пен «Ата-қоныс» ШҚ-ы Т.З. Кишевтан алыс шет елден асыл тұқымды мал алу барысында құқық бұзушылық орын алғандығы туралы өтініштер келіп түсті.
Ағымдағы жылдың 24 қарашасы «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық кеңесінде өтініш иелерінің, мемлекеттік органдардың, қаржылық несие мекемелер мен сарапшылардың қатысуымен талқылау болды.
2020 жылы Павлодар облысының мемлекеттік органдары фермерлерді «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шақырып, «шет елдік малды жеткізу операторы» деп таныстырып Қостанай қаласының компаниясымен («Агрогенетикс ЖШС-і) келісімшартты көрсетіп, таныстырылым өткізген.
Фермерлер Бейсембаев («Астық» ШҚ) пен Кишев («Ата-қоныс» ШҚ) ауылдық несиелік серіктестіктерде «алынатын малдың» бір бөлігін кепілдікке қойып несие рәсімдейді, «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-ы тез арада 100% аталған жобаларды қаржыландырады.
«Агрогенетикс» ЖШС-мен келісімшарт жасасып (ары қарай ЖШС-і) фермерлер еуропалық «Lucas Kossen Livestock Gmbh» компаниясынан асыл тұқымды мал алу үшін ЖШС-нің есеп шотына бірнеше транш арқылы 100% төлем жасайды.
Бірақта ЖШС-і 2021 жылдан бері малды жеткізбейді және бұл жағдай оларды сотқа жүгінуге мәжбүр етті. Сот фермерлердің пайдасына шешім шығарды (ақшалай қаражатты қайтару жөнінде).
ЖШС-нің мүлкі жоқ екеніне сәйкес соттың шешімін орындау мүмкін болмай отыр.
Сонымен қатар, талаптарды орындау үшін «Lucas Kossen Livestock Gmbh» неміс компаниясына қарсы ЖШС-нің пайдасына шешілген Бірінші экономикалық арбитраждың шешімі бар.
Нәтижесінде, ЖШС-і мал жеткізбегендіктен фермерлер несиелік серіктестіктерге (айыппұл мен пениді есептемегенде) қомақты сомаға қарыз болып шықты (Бейсембаев – 42 млн. теңге, Кишев – 85 млн.теңге).
Қазіргі кезде олардың жеке мүліктері тәркіленіп есепшоттары жабылды. Арыздары бойынша қозғалған қылмыстық істер әр түрлі себептермен тоқтатылды.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты прокурорлық назарды талап ететін төмендегідей сұрақтар туындап отыр:
ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша жеке компаниялар арасындағы «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық істер қазіргі кезде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің құзырына жатады екен.
Осы өтініштерді қарау барысында шет елдік малды сатып алуда қарапайым фермерлердің мүддесін қорғауға және несиелік қаражат қай жерде отырғанын анықтауға және қайтаруға бас назар аударуларыңызды сұраймыз.
Шет елдік жеткізушілерді жауапкершілікке тарту барысында дипломатиялық бағыттар мен еліміздің құқық қорғау және арнайы орындардың халықаралық байланыстарын пайдалануды сұраймыз.
ҚР СІМ-нің ақпараты бойынша немістің «Lucas Kossen Livestock Gmbh» компаниясы бойынша сұраныстар болмаған.
Қабылданған шешімдер туралы белгіленген мерзімде ақпарат берулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Әшімбетов
Ж.Амантай
Қ.Әлішев
Е.Бәпи
Д.Исабеков
А.Құспан
Е.Мәмбетов
С.Мұсабаев
И.Сұңқар
Ұ.Тұмашинов