2023 жылғы 22 мамырда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б. С. Есенбаевтың, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х. Ембергенованың, "UMC" КҚ медициналық директоры В. К. Алтынованың қатысуымен балалар онкологиясының проблемалық мәселелерін қарау мақсатында "University medical center" КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына бардық.
Жұмыс барысында балалар онкологиясы бөлімшелерінің меңгерушілері З.Н.Қыздарбекова мен К.Г.Шайхызадтың сүйемелдеуімен клиникалық бөлімшелерді аралау, балалардың болуына арналған палаталардың, манипуляциялық кабинеттердің, ойындарға арналған бөлмелердің, бала күтіміне арналған адамдарға арналған бөлмелердің, оқытуды, психологиялық қолдау мен ойындарды өткізуге арналған смарт-сыныптың жай-күйін тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар, балалар онкологиясының әртүрлі бөлімшелерінен 21 ата-анамен және бала күтімі бойынша адамдармен кездесу өткізілді.
Ата-ананың әңгімесі барысында келесі сұрақтар көтерілді:
1) ұзақ күтуге және осы патологиясы бар балаларға мүгедектікті ресімдеу қиындықтарына қатысты (4 айлық аурудан кейін ғана ресімделеді);
2) онкология бөлімшелеріндегі палаталарда үй-жайлардың жеткіліксіздігі, толып кету туралы;
3) күтушілерге арналған кереуеттердің болмауы, кереуеттер ескілігі, ыңғайсыздығы;
4) онкологиялық науқастардың жол жүру шығындарын өтеу;
5) пациенттер ПЭТ және КТ-ға шетелге барауына қатысты.