Агробанк құру бойынша бастаманы қолға алдық. Өткен аптада жасаған депутаттық сауалымыздың ізін суытпай, қаржы мамандарымен кездестік. Солардың бірі - банк емес, бірақ даму институты деп есептелетін Аграрлы несие корпорациясы.
Кездесуіміздің мақсаты - Агробанк құруға қандай қарсы аргументтер болуы мүмкін, соны жан-жақты зерттеу, жауаптарымыздың "салмағын" көріп, АККдағы тәжірибелі мамандардың көзқарасымен пысықтап шығу. Себебі Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агробанктің құрылуына қарсы болуы мүмкін. Соған дайын болуымыз керек!
Кездесу барысында АККның қазіргі жағдайымен толық танысып шықтық. Ой түйіп қайттық. Жақын арада осы форматымызды сақтай отырып, басқа да мамандармен кездесетін боламыз. Сонымен қатар фейсбуктегі эксперттеріміз бар. Өткенде (естеріңізде болса) үндеу тастап, Агробанк жанкүйерлерінің тізімін жинап едік. Оларды да ұмытпаймыз әрине!
Фракция ретінде жұмысты одан ары үдетеміз. Ақпаратпен бөлісіп отыратын боламыз.