Баққожаев
Анас
Ахатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
ЕКІ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР МЕН ҮШ МИНИСТРДІ БЕКІТТІК

Конституцияға сәйкес жаңадан жасақталған министрлер кабинеттің мүшелерін комитеттерде қарастрып бекіттік. Дәл сол күні жазуға мүмкіндік болмады. Ғафу етерсіздер. Алған әсеріммен бүгін ғана бөлісіп отырмын.

Айта кету керек, жаңа Мәжіліс өте белсенді. Әр депутаттың білікті әрі білімді екені бірден көрініп тұр. Қойылған сұрақтар мен берген ұсыныстар нақты, экономика жағынан есептеліп негізделген, ойға қонымды.

Біздің Экономикалық реформалар мен өңірлік даму комитетінде сауда, ұлттық экономика, цифрлендіру және индустрия бағыттары бойынша кандидаттар қарастырылды. Ұнағаны – кандидаттардың барлығы да өте сауатты. Сұрақ қоя қалсаң көздерін қағаз бетімен жүгіртпей, өзіңе тік қарап, фактілермен дәлелдеп жауап берді.

Жиналыстың ерекше әсер берген тағы бір тұсы - Комитет мүшелерінің қазақ тілін өте жақсы меңгергені. Жалпы жаңа Мәжіліс тіл жағынан тарихымызда жақсы жағынан есте қалатын тәрізді. Дән риза болдым!

Министрлердің уәделерін алдық. Нәтижесі уақыт еншісінде. Бақылауға алдық.