“Ауыл” фракциясының депуттары боп Қазақстандағы агроғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым Алимгазинова Баян Шүрімбайқызымен кездестік. Партия атынан кездесуге фракциямыздағы жалғыз ғалым, аграрлық институтта еңбек еткен, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Таңсәуле Серіков те қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы - агроинституттардың базалық қаржыландыру мәселелсі болды. Сондай-ақ, Баян Шүрімбайқызы агроғылымның Ұлттық ғылыми кеңестегі орнын, қазіргі реформалардың ғылыми институттарға қалай әсер ететіні туралы өзінің материалдарын таныстырды. Баян Шүрімбайқызының бұл деректері әлі де өзектілігін жоғалтпаған, қазіргі таңда агросаланың болашағына әсер ететін мәселелер көтерілген. Енді таяу уақытта агроөндіріс, агроғылым саласының сарапшыларының, дептуттардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен үлкен жиын өткізу жоспарымыз бар.Түрлі пікірлерді талқылап, ортақ шешімге келуіміз керек. Аграрлық ғылымды дамыту мен оның беделін арттыру “Ауыл” партиясының көтеріп жүрген сұрақтарының бірі. Біз қашан да аграрлық ғылым өкілдерін қолдайтынымыз