Бүгін “Нұртау Темір” зауытында Алматы, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жабылу алдында тұрған мекемелерінің басшыларымен кездесу өткіздім. Темірбетон, Үркер АШ, АДСК, Кублей сияқты мекемелер санитарлық аймақ бойынша жаңа ережелердің кесірінен қорлық көріп отыр. Бұл компаниялар жазда маған шағым айтып келген еді. Депутаттық сауал жасап, кейін Бахытжан Базарбекпен бірге Экономика комитетінде тиісті жиналыс ұйымдастырған едім. Нәтижесінде тиісті органдарға шара қолдану бойынша талап қойылып, енді міне солардың орындалу барысын талқыға салдық. Бұл мекемелерді жабуға жол бермейміз! 2000 адам жұмысынан айырылса оларды кім асырайды?
Келесі кездесу Алматы қаласы Жетісу ауданының мүгедектер қоғамында жалғасты. Қоғам мүшелерін қазіргі Парламент қабырғасында талқыланып жатқан инклюзивті қоғамды қолдау механизмдері туралы хабардар еттім. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғам мүшелері көкейдегі ойларымен бөлісті. Әр мәселе бойынша тиісті көмек беріп, қойылған сұрақтары мен ұсыныстарын алдағы қабылданатын заңдарды талқылау барысындп ескеретінімді уәде еттім.