Баққожаев
Анас
Ахатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
АУЫЛ БЮДЖЕТІ

АУЫЛ БЮДЖЕТІ

Экономикалық реформалар мен өңірлік даму комитетіне жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы келді. Соның таныстырылымы өтті. Комитетіміз ұйымдастырған жиынға басқа депутаттар қызығушылық білдіріп, өте белсенді қатысты. Әртүрлі сұрақтар қойылып, заң жобасының авторларынан тікелей жауап алынды.

Әріптесім, фракциямыздың мүшесі Ерболат Байұзақұлы Саурықов 2-3 өткір мәселе көтеріп, министрлік адамдарын біраз ойландырып тастады.

Өзімді мазалаған баяғы сол ауыл бюджеті.

Әділдігін айтайық, 4-ші деңгейдегі бюджеттің пайда болуы ауылдарға өзінің дербес қазынасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл жақсы құбылыс. Алайда кәсіпкерлік саласы қозғалыссыз тұрған елдімекендер қаншама. Сондықтан да осыған байланысты сауал қойып, ақырында министрлік өкілдерімен тиісті ақпарат алуға сөз байластық. Алдағы уақытта, құрметті оқырмандарым, соны түбегейлі талдап, өздеріңізбен бірге талқылайтын боламыз.