Баққожаев
Анас
Ахатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
«Қоғамдық бақылау туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары туралы жұмыс тобының алғашқы отырысына қатыстым.

«Қоғамдық бақылау туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары туралы жұмыс тобының алғашқы отырысына қатыстым.

     Былтыр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырысымен «Қоғамдық бақылау туралы» арнайы заң жобасы ұсынылған еді. Бұл заң жобасының мақсаты  -  қоғамның мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалау арқылы олардың жұмыc сапасын арттыру. Мен бұрын да партия жетекшісінің орынбасары ретінде бірнеше рет осы заң жобасының жұмыс тобының отырысына қатысқан едім.  Бұл заң қазіргі уақытта өте қажет, қоғам мен заман талабына сай деп ойлаймын. Болашақта заң жобасы мақұлданып жатса, заң біраз мәселелердің шешілуіне әсер ете алады. Әсіресе, өңірлерде жергілікті мәселелерді шешуде пайдасы зор болатыны сөзсіз,себебі қазір елімізде азаматтық ұстанымы белсенді азаматтарымыз көп.

    Заң ашықтық пен объективтілікке негізделуі керек деп ойлаймын. Бір айта кетері, бұл  жоба аясында алғаш рет петиция ұғымы заң шеңберінде қарастырылмақ. Ендігі кезекте петиция бойынша қанша қол болу керек, республика, облыс/қала, аудан көлемінде ұсынылған шек қандай болу керек деген сұрақтарды қарастыру ұсынылып отыр.Осы тұста бұл заң жобасының жұмыс тобына «Ауыл» фракциясынан менімен бірге қатысқан Ерболат Саурықов өте маңызды ескерту жасады. Заң жобасы аясында петицияны қарастыру уақыты 60 күн деп ұсынылған. Ерболат Байұзақұлының айтуынша, петиция қоғам пікірінің жеткузідің бір құралы болса, онда бұл мерзім өте ұзақ.

     Өз басым, жұмыс тобына нақты мысалдарды ұсындым. Мәселен, бір мекеменің басшысы қызметін өз деңгейінде атқара алмай жатса, сол басшының қол астында жұмыс істейтін қызметкерлер петиция дайындап, басшының кетуін талап етсе, заң қалай жұмыс істейді? Заң петицияны қарастырып қана қоймай, басшының орнынан кетуіне тікелей әсер ете ала ма? Дәл осы сияқты мемлекеттік органдардың петициямен жұмыс істеудің нақты алгоритмі бекітілуі керек.

    Парламент Мәжілісінің жаңа депуттары бұл заң жобасына белсенді кірісті. Заңның өзекті екені сөзсіз, ендігі уақытта заң тиімді жұмыс істеу үшін нақтылық керек. Заң жобасының мәтіні интернетте ашық ақпарат көздерінде бар, жобаға пікір білдірем, ат салысам деген азаматтарға есігіміз әрқашан ашық екенін айтқым келеді.