Баққожаев
Анас
Ахатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде жұмыс тобы «Масс-медиа» туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылады. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары бірқатар ұсыныс берді.

Оның біріншісі – мемлекеттік теле-радио арналардағы ұлт мақтаныштарының және олар жайлы шығармалардың, ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың астананың, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық орындары мен көлігінде трансляциялануын жергілікті атқарушы органдар арқылы қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысы депутаттар, құзырлы мекемелер, қоғамдық қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Екінші ұсыныс бұқарамен біте қайнасып, қоғам ауанын аңдайтын журналистер еркіндігін шектеп, қызмет орнында болуға міндеттейтін еңбек талабына өзгерістер енгізу болды. Ұсыныс журналистке жұмыс аптасы ішінде демалыс күндерінен бөлек ақы төленетін сегіз сағаттық шығармашылық еркіндік берілуін көздейді. Бұл ретте аталған толықтыру БАҚ меншік иесін міндеттемейді, оған тек құқық береді.

Бұл ұсынысқа да жиынға қатысушылар тарапынан қарсылық болған жоқ. Тек ұсыныс тағы бір пысықталса деген тілек айтылды.

Аталған заң жобасының қалған бөлігі жақын күндері талқыланады.