Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі агроорман мелиорациялық іс-шаралар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті (депутат А.Баққожаев дөңгелек үстел жұмысына қатысты).
Агроорман мелиорациялық іс-шаралар қарқынды агротехнологияларға жататынын және топырақ құнарлылығының көбеюіне және дақылдардың өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететінін бәрі біледі. Сондықтан орман алқаптары ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларына сәйкес жерді сарқылудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенінде жер үсті ағынын реттеуді қамтамасыз ететін агроорман-мелиорациялық іс-шаралар жүргізу көзделген.
Өз кезегінде, бұрын көрсетілген іс-шаралардың орындалуы үшін жауапкершілік жер пайдаланушылардың өздеріне жүктеледі (Жер кодексінің 65-бабы). Қазақстан үшін қорғаныш екпелері агроорман мелиоративтік ландшафттардың микроклиматын арттыратын, ауыл шаруашылығы алқаптарын топырақтың дефляциясы мен эрозиясынан қорғайтын, топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуін арттыратын маңызды орта қалыптастырушы фактор болып табылады.
Күрт континенттік климат жағдайында ауыл шаруашылығы алқаптарын ылғалмен қамтамасыз ету жолдарының бірі агроорман мелиорациялық екпелерді құру болып табылады.
Жылдан жылға топырақтың құнарлылығы нашарлауда және оның себептердің бірі агроорман-мелиорациялық шараларды уақтылы жүргізбеу болып табылады.
ҚР АШМ деректері бойынша қазіргі уақытта ҒЗТКЖ-ны бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2024-2026 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының қарқынды жүйелерінде топырақ-агроэкологиялық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау және молықтыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жоспарлануда. Бұл зерттеудің мақсаты-Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес. Жоғарыда аталған шараларды іске асыру топырақтың құнарлылығын жақсартып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған іс-шаралармен қатар орман алқаптарын өсіру жөніндегі жеке бастамаларды, оның ішінде іргелес орман алқаптарын фермерлерге теңгерімге беруді насихаттау және іске асыру үшін мемлекеттік саясатты қалыптастыру қажет.
Уәкілетті органның депутаттық корпустың бастамаларымен жұмыс істеуге дайын екендігі қуантады.
Болашақта еліміздің кең байтақ даласы жасыл жолақтармен толтырылады деп үміттенеміз.