Баққожаев
Анас
Ахатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшелері Анас Баққожаев пен Таңсәуле Серіков іссапармен Алматы қаласына барды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшелері Анас Баққожаев пен Таңсәуле Серіков іссапармен Алматы қаласына барды. Іссапар аясында депутаттар Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі және Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде несие беруші банктер азаматтарды жаңылдырмас үшін, тиімділік ставкасын ашық көрсету мәселесі қамтылды.

«Халық келіп, 20 пайыздық несие алам дейді, бірақ келісім-шартта бағасы 2 - 2,5 есе көп шығады. Біздің ұсынысымыз — жарнамада номиналдық ставка емес, жылдық тиімді ставка көрсетілуі тиіс», - деді өз сөзінде Анас Баққожаев.

«Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары өз позицияларын дәлелдеп, Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен бірлесіп конпцептуалды өзгерістер енгізуге келісті.