Депутат «Қазақстан Республикасындағы Сот реформасы: шешілмеген проблемалар» деген тақырыпта Астана қаласының № 2 сотында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің (бұдан әрі – Комитет) көшпелі отырысына қатысты.
Депутаттар Сот ғимаратын аралап, жаңашылдықтармен (роботпен, фронт--офиспен) танысты.
Отырысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы А. А. Мерғалиев кіріспе сөзбен ашты.