Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіндегі көшпелі отырыс

  Депутат Қазақстан Республикасының Қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша жұмыс тобымен Қазақстан Республикасының  Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) басшылығымен Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуге қатысты.

  Іс жүзінде, әдетте, қаржылық қылмыстар бойынша бір-екі адам сотталады да, ол адамның немесе оның артында тұрған топтың жымқырған қаржысы іздестірілмейді. Өйткені, тергеу, прокурормен тексеру, сотпен істі қарау сатысында ешбір лауазымды тұлға тарапынан тергеу-жедел іздестіру қызметіне ондай талап қойылмайды.

  Осы орайда, Агенттіктің Қылмыстық процесс заңнамасына параллельді қаржылық тергеу институтын енгізу туралы ұсынысы депутаттардың қызығушылығын тудырды.

  Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша параллельді қаржылық тергеудің құқықтық негіздері қалыптасты. Қазақстан Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялады (Страсбург, 8 ноября 1990 г.).