«AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында депутат еліміздің әр өңірінен келген азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға Астана (М. Ақыш, И. Қыдырмаева, М. П. Джолдасова, А. Е. Жұмабаев, Ж. Бейсен, А. К. Қокаманов), Өскемен (аз. М. К. Оспанбаев) қалаларының және Ақмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылының
(Қ. Мұңайтпасовтың шөбересі А. Ж. Мұханова, Т. А. Омаров, С. Ә. Дәулетияров) азаматтары келді.
Сондай-ақ, қабылдау видео-конференц байланыс арқылы да өтті (Ақтөбе қаласынан – Ә. С. Смағұлова, Н. Е. Еділ мен Б.А Нысаналина, Қарағанды қаласынан – Қ. Н. Қожаев , Шымкент қаласынан – И. В. Гусева).
Азаматар депутатқа баспана, заңнамаға өзгерістер енгізу, сот шешімімен келіспеу, заң бұзушылықтар мен жалақының төленбеуі мәселелеріне қатысты сұрақтармен жүгінді.
Депутат сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.