Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азаматтарды қабылдау

  Депутаттар Қ. Балабиев, Қ. Иса және Т. Қырықбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қоғамдық қабылдауында Түркістан облысы Жетісай, Мақтарал, Ордабасы мен Шардара аудандарынан арызданып келген 17 азаматты қабылдады.

  Азаматтар Астана қаласына келгеніне 10 күн болған, олар депутаттардан арыз-талаптарын айту мақсатында ҚР Премьер-Министрінің қабылдауын сұрады. Себебі, ҚР Су ресурстар және ирригация министрінің қабылдауында болып, көтерген мәселелері шешімін таппаған.

  Ұжымның атынан Б.Сариев келесі мәселелерді:

  1. егістікке берілетін ағын судың тариф бағасының 739 теңгеден 1070, 72 теңгеге қымбаттауы;

  2. сатушылар суармалы судың ақысын егістікке жеткізбестен, талап етуі;

  3. мақта өнімі бағасының төмен болуы, облыстық әкімшіліктің мақтаның элитный шиітті 800 теңгеден алдырып, оның үстіне негізсіз 550 теңге қосып, шаруаларға 1350 теңгеден қымбаттатып сатуы;

  4. Ресей мен Өзбекстаннан келетін селитра минералының килограмының бағасы 130 теңге және оның отандық шығарылатын өнімнен сапалы екенін, ал жергілікті әкімшілік пен Ауыл шаруашылығы министрлігі 184 теңгеден сапасыз селитраны алуды мәжбірлеуі;

  5. диқандарға мемлекеттен бөлінген 10 млрд. теңге несиені заңсыз, тек қана мақта зауыттарына бөліп берілуі, соның салдарынан жылда мақта өнімінің төмен бағада болуы;

  6. егістікке су есептегіш қондырғылар орнатуының негізсіз және өте қымбатқа түсетіндігі және тамшылатып суару әдісінің топырақты тұздандырып, сорға айналдруы осы өңірге дұрыс келмейтіні, сондай-ақ тамшылап суару қондырғысының барлығы шаруаларға өте қымбат 5 млрд. 200 млн. теңгеге сатылуы және тиімсіз екендігінен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл жобадан бас тартуын;

  7. арызданып Астанаға келе жатқан азамттардың бір шамасын Тараз қаласында полиция қызметкерлерінің себепсіз және Конституциялық құқықтарын бұзып, күш қолданып поездан түсіріп  алуы туралы баяндап берді.

  Сондай-ақ, кездесуде Астанада жүрген ұжымның мүшелері мн олардың отбасыларына  Түркістан облысы әкімшілігі басшыларының тапсыруымен, сол өңірден әдейілеп Астанаға келген полиция қызметкерлері тарапынан қысым көрсетіліп жатқаны және басқа да мәселелер көтерілді.

  Мәжіліс депутаттары Үкіметте арызданушыларды Премьер-Министрдің орынбасары С. М. Жұманғаринның қабылдауын жеткізді.

  Депутат Қ. Иса барлық көтерілген мәселелер бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдайтынын хабарлады.

  Арызданушы ұжым Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттарымен кездестіруді де сұрады.

  Осы мәмілеге келіп,  арызданушылар тарады.