Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тақырыптық отырыс

  Депутат Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің "Киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері" тақырыбында тақырыптық отырысы қатысты.

  Отырыс жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, заңгерлер қатысты.

  Отырысты ашқан Комитет Төрайымы Снежанна Имашева өткен жылы елде 21 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелгенін, бұл ретте азаматтарға келтірілген залал 21 млрд теңгені құрағанын хабарлады

  Ішкі істер Вице-министрі Айдос Рысбаев бүгінде киберқылмыс мәселелері бүкіл әлемде өзекті екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында киберқылмыс статистикасына және оған қарсы жасалған шараларға тоқталды.

  Мәжіліс депутаты Унзила Шапак мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекске толыққанды институт, дәлірек айтсақ, Ақпарат және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы бөлім енгізілгенін атап өтті.

  Талқылау барысында мәжілісмендер уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, киберқылмыспен күреске қатысты ұсыныстар енгізді. Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесінде бейінді комитет қарайтын ұсынымдарға енгізілетін болады.

  Талқылауды қорытындылай келе, Имашева Снежанна ішкі істер министрлігінің кибер алаяқтықпен күресу үшін күш-жігері жеткіліксіз екенін атап өтті.