Депутат Қ. Балабиев Арыс қалалық партия филиалының Қоғамдық қабылдауында қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға қала әкімі мен бөлім басшылары да қатысты.
Көтерілген мәселелердің бәрі көпшілікке ортақ, оның ішінде ауыз су, табиғи газ, жол, канал, мектеп, аурухана, спорт кешендерінің құрылыстарына қатысты мәселелер.
Жалпы арыстықтардың талап-тілектері бойынша хаттар Үкіметке, ал облыстық деңгейде шешілетіні жергілікті атқарушы биліктің қарауына жолданатын болады.
Қазір облыс бойынша үй-жайын кепілге қойып, агронесие алғандардың мәселесі өзекті болып тұр. Мұнда да сондай "Арыс-несие" серіктестігінен несие алып, берешегін төлеп қойса да, кепілге қойған мүліктің құжаттарын ала алмай шырылдап жүрген жұрт жетерлік.
Бұл мәселе бойынша 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына хат жолданған болатын. Сондай-ақ, «Агронесиекорпорация» АҚ-ның басшыларымен кездесіп, мәселенің мән-жайы анықталған болатын.
Тергеу аяқталып, несие серіктестіктері борышкерлердің төлеген ақшасын «Агронесиекорпорация» АҚ-на беріп құтылған бойда құжаттар қайтарылады.
Қоғамдық қабылдауға келген 5 адамның үшеуі осы несие бойынша, ал қалған екеуі канал салу мәселесін ортаға салды.
Сондай-ақ, депутат Арыс қаласының Ішкі істер қызметкерлерімен кездесіп, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қаралып жатқан заң жобалары туралы ақпаратпен бөлісті.
Сапар барысында Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында И. Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жанынан құрылысы жүріп жатқан 300 орындық қосымша оқу корпусының және «Тараз» тұрғын ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан
600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Депутат Арыс қаласының зиялы өкілдерімен, ардагерлер мен Әжелер алқасының өкілдерімен кездесті.