Депутат Қ. Балабиев Түркістан облысы Ордабасы ауданының «Шұбарсу» ауылдық округіне барды.
Сапар аясында қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ тұрғындардың өтініш-талаптарын тыңдады.
Осы елді мекендегі жол мәселесі аса өзекті екендігі айтылды. Жалпы, ауылдың инфрақұрылымын – газ, су, жол, жарықпен қамту мәселелерін реттеу – басты міндет және оларды шешуге ықпал ету сөз болды.
Депутат аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде құқық қорғау қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты және олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жауапты да қауіпті жұмыстарына табыс тіледі.
Полиция басқармасының бастығы Ғалымжан Қуашбаев депутат Қ. Балабиевке Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай шығарылған «Ер есімі ел есінде» естелік кітабын табыс етті.
Қ. Балабиев "Қажымұқан-Қараспан топтасқан су жүйесі" мекемесінің ұжымымен кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстармен және алдағы уақыттағы жоспарлармен танысты. Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескеріп, бұл мәселе әрдайым партияның назарында болатынын атап өтті.
Депутат Ордабасы ауданының орталығында орналасқан "Шапағат" орталығында болдым.
Оңалту шараларын қабылдап жатқан балақаймен танысып, қал-жай сұрасты. Балапанның сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, ем алып жатқан демалушы зейнеткерлермен де кездесті. Елде болып жатқан оңды өзгерістер талқыланды.