Депутаттың Ордабасы ауданына сапары жалғасып, аудандық Жастар ресурстық орталығында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Қ. Балабиев Парламент Мәжілісінің қызметі мен атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді.
Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді.
Депутат Ордабасы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Осы орайда, Мәжіліс депутаттары мінбердегі, мәслихат депутаттары жер-жердегі халықтың тікелей өкілдері екенін және сайлаушылар алдындағы міндеттемелерін ұмытпауларын еске салды.
"Gold aluminum" зауытына барып, еңбек ұжымымен танысты. Осы орайда, елімізде бизнестің дамуына жасалып жатқан қолайлы жағдайларды атап өтті.
Депутат сапар барысында жылқы бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Мейірхан Утеповтың фермасына барып, жұмысымен танысты.
Кәсіпкердің жайылымдық жердің жетіспейтіндігі және шаруашылықты кеңейтуге субсидия қажеттілігі туралы өтініштерін тыңдады.