Депутат өз сапарын шардаралық құқық қорғау огандары қызметкерлерімен кездесуден бастады. Полицейлердің ұсыныстарын тыңдап, өз ойларымен бөлісті.
Кездесуде Президент тапсырмасымен құқықтық реформалар жүргізіліп жатқанын, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық беретін заңдардың қабылданғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бизнесті жүргізуге кедергі келтірмеу жолдары қарастырылатынын айтты.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Шардара ауданында жоспарланған екі жайлы мектептің құрылыс барысымен танысып, мердігерлермен кездесті.
Депутат сапар барысында жаңадан бой көтерген Жаушықұм ауылдық Мәдениет үйіне барды. Ақсақалдармен жүздесіп, толғантқан мәселелер туралы пікір алмасты.
Депутат әріптестері Ерлан Әбдиев, Тимур Қырықбаевпен бірге Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарымен жүздесті. Басқосуда Президенттің "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбаты сөз болды.