Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

  Шардарада өткен екінші күні «AMANAT» партиясының Шардара аудандық филиалында Түркістан облыстық және Шардара аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен Қоғамдық қабылдау өтті. мақташылардың мәселесі қозғалды.

  Шын мәнінде, Үкімет тарапынан мақташыларға қолдау қарастырылған. Оны жүзеге асыру облыстық әкімдікке міндеттелген. Мәселен, мақташылардың гектарлық субсидиясы облыстық бюджеттен төленуі тиіс. Алайда, шаруалар тиісті субсидияларға толық қол жеткізе алмағанын айтып, шаш етектен шығынға батып жатқандарын алға тартты.

  Депутат шешіліп тұрған мәселені шиеленістірмей, шаруалардың өзіне тиесілісін беру керектігін және  Түркістан облысы мақта өсірумен айналысатын жалғыз өңір болғандықтан, мақта кластерін құрып, мақта шаруашылығын дамытумен мықтап айналысу керектігін атап өтті.

  Қабылдауда тұрғындардың  су тарифі, ағын және ауыз су, жылыжай, мектеп және т. б. мәселелер талқыланды.

  Депутат «Қазақстан» ауылына барып, игі істің куәсі болды. 1991 жылы туған жас жігіт Омар Бақтыкерей мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланып, ауылдың Мәдениет үйін жалға алып, тігін фабрикасын ашыпты.  120 адамды жұмыспен қамтып отыр екен.

  Тігін фабрикасын ашуға 300 млн теңге инвестиция тартылған. 90 әйел тігін машинкасында, 15 азамат аяқ киім, қалған 15 адам түрлі жұмыстар атқарады.

  Сондай-ақ, Қ. Балабиев Шардара қаласында 28 жастағы жас жігіт ашқан "IBilim High School" жеке меншік мектебіне барды. Мектептің оқытушылар құрамы толық, оқушылар саны – 106. Осы уақытқа дейін 53 түлек бітірген.

  Сапар барысында депутат іскер азаматтардың игі қадамдарына ризашылығын білдірді.