Депутат "AMANAT" партиясының Түркістан қалалық ғимаратының Қоғамдық қабылдауында Түркістан қалалық мәслихат Төрағасы Ғ. А. Сәрсенбаев пен бірқатар депутаттар, сала басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға жүздеген адамның арызын арқалаған азаматтар келді. Бұл – борышкерлер қарызын өтесе де, несие төлемеген «Агронесиекорпорациясы» серіктестерінің ісі.
Осы орайда, депутат облыстың бірқатар аудандарында ауыл шаруашылығына арнап несие алғандардың мәселесі бойынша Бас Прокурорға хат жолданғанын және 2023 жылғы 22 желтоқсанда «Агронесиекорпорациясы»-ның басшыларымен де кездескенін атап өтті.
Мәселе назарға алынып, шешілуіне атсалысатыны туралы айтылды.
Сондай-ақ, қабылдауда баспана алу және т. б. мәселелер бойынша келген азаматтарға түсініктеме берілді.
Депутат Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан құқықтық заңнамалар туралы баяндап, қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдады және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, Қ. Балабиев әріптесі Ерлан Әбдиевпен бірге Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігерлерімен жүздесті.
Кездесуде ауруханада Қабылдау бөлмесінің жоқтығы, жалақы мөлшерін көтеру мәселелері қозғалды.
Депутат Олимпиада чемпионы Б. Саттархановтың атында олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қосымша салынып жатқан 320 орындық ғимараттың құрылысымен танысты.
Сол сияқты 300 орынға арналған Әмір-Темір мектебінің құрылысын аралады.