Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

Депутаттар  Қ. Балабиев пен Н. Байтілесов Түркістан облысының Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды. Депуттармен бірге Аудан  әкімі А. Ә. Оралбаев, Аудандық «AMANAT» партиясы филиалының Төрағасы Ә. Б. Байдуллаұлы және Облыстық мәслихат депуттары
Д. Н. Әбіш пен Ғ. А. Райымбеков ауданды аралады.   

Сапар барысында депутаттар «Төрткүл» ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысымен және «Қызылжар» ауылындағы қосымша мектеп құрылысымен танысты.

Сондай-ақ, депутаттар «Қажымұқан» ауылына барып, Қ. Мұңайтпасов атындағы Спорт мемориалдық кешенінің құрылысмен танысты. Кешен 3 ғимараттан, яғни мұражай, кітапхана, көрме және конференция залдары, спорт орталығынан құралады. Кешен құрылысын бітіруге 700 млн теңгедей қаражат қажет екен.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 млрд 385 млн 693 мың теңгенің 629 млн теңгесі игерілген. Жоба келесі жылға өтпелі болғандықтан, қалған қаражаты 789 млн теңгені құрайды. Нысанды мерзімінде тапсыру үшін құрылысқа қажетті қалған қаражат бөлінуі тиіс.

Сапар аясында Қ. Балабиев пен Н. Байтілесов Фракция мүшелерімен кездесіп, Парламент Мәжілісінің жұмысы мен қабылданған заңдар туралы ақпаратпен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар депутаттар  «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.



https://youtu.be/4_oH1bxaCME

https://www.facebook.com/share/juNkSvvbZNGQLJge/?

https://www.facebook.com/share/cS3Yi57fqQ6sAqXf/?

https://www.facebook.com/share/ywAEYptFzPfNDoQd/?

https://www.facebook.com/share/9jVqoN7h9b5Tmfrk/?