Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

  Қ. Балабиев Арыс қаласына барған сапары барысында аудандық Орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. әКездесуде депутат Парламент Мәжілісінің жұмысы мен қаралған заң жобалары туралы баяндады, сондай-ақ, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

  Арыс қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ғимаратында қала кәсіпкерлерімен кездесіп, бүгінде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы әңгіме қозғалды.

  Депутат тәулігіне 2500 шаршы метр құрылысқа қажетті панель шығаратын, 1000-1200 тонна жүк сақтайтын "Mega-Agat" ЖШС-нің логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Өз қаржысы есебінен бизнес бастаған кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

  Сондай-ақ, Қайрат Балабиев қаланың «Отырар» тұрғын ауданындағы салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысының объектісіне барды.

  Қ. Балабиев Арыс қаласы әкімдігінің Мәжіліс залында жергілікті атқарушы органдар мен сала басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, қордаланған өзекті мәселелер талқыланды.

  Депутат қала әкімі Г. М. Құрманбекова мен «AMANAT» партиясының қалалық филиал Төрағасы Б. С. Ділдәбековтің қатысуымен партия филиалының Мәжіліс залында азаматтарды қабылдады.

  Қабылдауға келген азаматтың қызының көзін емдету үшін порталға тіркеле алмай жүргенін жеткізді. Сол жерде тиісті басшыларға тапсырма беріліп, науқас порталға тіркеліп, мәселе шешімін тапты.

  Сонымен қатар қабылдауға жер учаскесін, өткен жылғы жарылыстан залал келген үйін жөндеуге қаражат, алты баласымен пәтер жалдап жүрген отбасына баспана, жол жөндеуді, жайылым, өрт салдарынан жанып кеткен шөптің өтемақысын сұрап келгендер болды.
  Сондай-ақ, кәсіпкерлер 6 % несие берілсе деген тілектерін жеткізді.