Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

  Қ. Балабиев Сауран ауданының «Шорнақ» ауылдық округіндегі ЖШС «Бинэкс» кірпіш зауыттың жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Сауран ауданы әкімі М. А. Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б. Т. Сүлейменов, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С. Ж. Асылбеков, Сауран аудандық мәслихатының депутаты А. С. Раматуллаев және жұмысшылар қатысты.

  2019 жылы ашылған зауыт 40-қа жуық адамды тұрақты еңбекпен қамтып отыр. Күніне 40 мың дана кірпіш шығаратын өндірістің өнімі сапалы болғандықтан, жергілікті жерде жоғары сұранысқа ие екен.

  Депутат Парламент қабырғасында қабылданған заңдардың барысы туралы баяндап,  жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірдегі өзекті мәселелермен мұқият танысып, барлық мәселелерді Парламент қабырғасында көтеріп, тиісті атқарушы органдарға жеткізетінін айтты.

  Кездесуде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Ауыз су мәселесі, елді мекендердегі білім ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, ғаламтордағы құмар ойындарды жауып тастау, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштері мен ұсыныс пікірлерін жеткізді.

  Депутат «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының талап-тілектері мен өтініштерін тыңдады.

  Қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қ. Ж. Жантөреева, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б. Т. Сүлейменов, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С. Ж. Асылбеков, аудандық мәслихатының депутаты А. С. Раматуллаев, Е. Р. Елеуов, БАҚ өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

  Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік салаға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Осы орайда, «Шаға» ауылдық округіне спорт кешенін салу, қоғамдық көліктің жүру бағытын ұлғайту, «Шаға» ауылындағы «Молда Мұса» мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ауылдағы ескірген жарық бағаналарын ауыстыру сияқты өзекті мәселелердің оң шешімін табуға ықпал жасауын сұрады.

  «Шорнақ» ауылы тұрғыны Ш. Жакеев Сауран ауданына 500 орындықты аурухана салу туралы ұсынысын білдірді. Ауыл тұрғынының ұсынысын тыңдаған депутат Сауран аудандық ауруханасын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын жазбаша түрде жолдауы қажеттігін айтты.

  Қабылдауға келген «Шорна»қ ауылының тұрғыны Ә. Көбеев ауыл тұрғындарының шешімін таба алмай жүрген мәселелерінің бірі тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруға қолдау көрсетуін өтінді.

  Сонымен бірге кейінгі кезде ауыл шаруашылық мақсатындағы жайылым жерлердің нысаналық мақсаты суармалы жерге көптеп ауысып жатқандығы қолданыстағы суармалы жерлерге су жеткізе алмай жатқанда жайылым жерлердің азаюына септігін тигізіп жатқандығын жеткізіп, заңмен шектеу қоюға ықпал жасауын өтінді.