Мәжіліс депутаттары Қ. Балабиев, Н. Байтілесов, Т. Қырықбаев және Ұ. Сәдібеков Сауран ауданының «Ораңғай» елді мекеніне барып, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының (бұдан әрі – Орталық) құрылысымен танысты. Орталық бір мезетте 200 пациенттің ем қабылдауына жағдай жасалып, оларды оңалту шараларымен қамтуды көздейді.
Депутаттар нысанның жай-күйіне: арнайы жабдықтармен қамтылуына, Орталық аумағына барлық инфрақұрылымның тартылуына, абаттандыру жұмысын жүргізу мәселелеріне баса назар аударды. Нысан құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 млрд. тг бөлінген.
Жоспарға сәйкес Орталық биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Депутаттар «Кентау Сервис» мемлекеттік комммуналдық кәсіпорнының № 5 Жылуэнергоорталығына барды.
Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына енген нысандағы реконструкциялау жұмыстарының барысын Парламент өкілдеріне Түркістан облысының әкімі Д. А. Сатыбалды баяндап берді. Осы бағытта Кентау қаласы әкімдігінің атқарып жатқан жүмыстары жөнінде қала әкімінің орынбасары Ғ. Төлепов айтып берсе, партиялық бақылау мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы Қ. Жантөреева мағлұмат берді.
Депутаттар кәсіпорынды аралап, 2024 – 2025 жылдардағы жылу маусымына дайындығы барысындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
https://khabar.kz/kk/so-y-shy-arylym-7-kun 7 күн (38:28 мин)
https://www.youtube.com/watch? 20:51 минуттан бастап
https://www.facebook.com/share/p/owcY8L2gWisxLTbL/?