Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

  Қ. Балабиев Түркістан қаласының Ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады.

  Түркістанда туризм жанданғалы адам аяғы саябырсымайды. Қоғам тыныштығын тәртіп сақшылары күзетеді. Олардың қатарында қыздар да бар. Қыздар жағы жаздық форма берілуін сұрады. Депутат бұл өтінішті Министрлікке міндетті түрде жеткізетінін айтты. 

  Кездесуде қабылданған заңдар туралы баяндалды.

  Мәжіліс депутаттары Қ. Балабиев пен Н. Байтілесов Түркістан қаласы Модульдік ауруханасының ғимаратында Түркістан қаласының дәрігерлерімен кездесу өткізді.

  Жиынға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғ. Сәрсенбаев, Облыстық мәслихат депутаттары И. Намазбаева мен Е. Хандиллаев, Қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы С. Таштеев қатысты.

  Кездесу барысында дәрігерлердің бірқатар талап-тілектері мен ұсыныстары, атап айтқанда,  банктердегі несие пайызының тым жоғары болуы айтылды, қаладағы білім және денсаулық саласындағы шиеленіскен мәселелер, жастардың жат діни ағым жетегінде кетуі сөз болды.

  Сондай-ақ, депутаттар Түркістан облыстық жастар орталығында арнайы кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғ. Амантайұлы, Облыстық мәслихат депутаттары С. Арыстанов, Б. Шойбеков, И. Намазбаева және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М. Қозыханұлы қатысты.

  Кездесуде депутаттар Мәжілістің заңнама шығармашылығы туралы айтып берді, әсіресе, лудоманияға қатысты заңнамаға ерекше тоқталды.

  Жиында жастардың талап-өтініштері тыңдалып, олардың қойылған көкейтесті сұрақтарына жауап берілді.

  Қ. Балабиев «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

  Азаматтар жер учаскесі, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, салық, өсім, алаяқтарға алдану сияқты мәселелерді көтерді.

  Президент тапсырмасына сәйкес салық жүйесі жетілдіріліп жатыр. Десе де халық тарапынан салықшыларға шағым азаймай тұрғаны сөз болды.

  Қабылдауда депутат көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, мүдделі органдар арқылы шешімін табу жолдары туралы кеңес берді.