Депутат жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатының су ресурстарының басқарылу тиімділігін талдау туралы есебін талқылау барысында Қазақстан Республикасы С ресурстары және ирригация минисртру Н. М. Нұржігітовке сұрақ қойды:
"Жамбыл облысы негізінен ағын суды трансшекаралық өзендерден алады. Оның 82 %-ы көршілес Қырғыз Республикасынан келеді.
Жылдың шілде-тамыз айларында Қырғызстаннан берілетін шектеулі 3,54 миллион текше метр судың таусылуына байланысты, су беру тоқтатылған.
Осыған байланысты жылдың шілде-тамыз айларында облыстың 6 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас) ағын су тапшылығы орын алып, 400 агрошаруашылықтардың 9 мың гектар алқаптағы егісі құрғақшылықтан зардап шеккен. Шығын көлемі – 3,6 млрд теңге.
Бұл жағдай бойынша Премьер-Министрдің өкімімен облыста табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 229,7 гектар, ал көршілес орналасқан Түркістан өңірінде 552 мың гектар суармалы жерлер бар. Екі өңір де ағын суға тәуелді және оларға су ресурстары көрші мемлекеттерден трансшекаралық өзендермен келеді.
Өзіңіз Жамбыл облысын басқарған тұста шаруаларды судан тарықтырып алдыңыз. Су саласының Министрі болып, біздің мақташыларға су жеткізе алмадыңыз. Күнгейде шаруаларымыз шырылдап жүргенде, күз де өтіп кетті.
Осы орайда, мынадай сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын:
- біздің елімізге берілетін трансшекаралық өзен суларының көлемін арттыру мәселесі қарастырыла ма? Қандай жолдармен шешпексіздер?
- қашанғы «кісідегінің кілті аспанда» деп, көршілердің көңіліне қараймыз? Кіріптарлықтан арылатын жолдар бар ма?
- биылғы құрғақшылықтың келешекте қайталанбауына қандай кепілдік бере аласыз және оның алдын алу үшін, қайталанған күнде де салдарын жою үшін қандай нақты шаралар қабылданатын болады?